Су тасқыны: 2 мың отбасы 984,3 млн теңге біржолғы төлем алды

29 Сәуір 2024, 12:21
588
Бөлісу:
Су тасқыны: 2 мың отбасы 984,3 млн теңге біржолғы төлем алды
Фото: Арман Мухатов - архив

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау бөлімінің басшысы Серік Ғайсин мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, 14 388 адам эвакуацияланды. 764 адам үйлеріне оралды, 13 624 адам эвакуациялық пункттерде орналасқан.

Су тасқыны кезеңінде 3 898 тұрғын үй мен 3 617 тұрғын үй маңындағы аула су астында қалды. Барлығы 14 388 адам эвакуацияланды. 764 адам үйлеріне оралды, 13 624 адам эвакуациялық пункттерде орналасқан. 34 саяжай серіктестігі немесе 3031 құрылысы бар саяжай учаскесін су басты, оның ішінде 75 саяжай жалғыз тұрғын үй болып табылады, заңнамаға өзгерістер енгізілгеннен кейін олар бойынша төлемдер жасалады, – дейді Серік Ғайсин.

Бүгінгі таңда «Қазақстан халқына» қорымен құны 2,7 млрд теңге болатын бір үлгідегі 100 тұрғын үй салу жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Қазіргі уақытта 2 666 отбасы 100 АЕК мөлшерінде жалпы сомасы 984,3 млн теңге біржолғы төлем алды, - деді СҚО әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау бөлімінің басшысы Серік Ғайсин ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Өзгелердің жаңалығы