Су тасқыны. ШҚО-ға әскери бөлім қызметкерлері жіберілді

28 Наурыз 2021, 14:02
2105
Бөлісу:
Су тасқыны. ШҚО-ға әскери бөлім қызметкерлері жіберілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аталған жасақ су тасқыны қаупі бар бірнеше учаскелерге бөлініп, Көкпекті ауданының Самар ауылы және Алтай аудандарында орналасады.

2021 жылғы 28 наурызда Шығыс Қазақстандағы су тасқыны жағдайының қиындауы мүмкін жағдайға жедел ден қою мақсатында және ТЖМ өкіміне сәйкес өңірге 52859 әскери бөлімінің қызметкерлері жіберілді. 

Су тасқыны. ШҚО-ға әскери бөлім қызметкерлері жіберілді

Атап айтқанда механикаландырылған жиынтық жасақтан 8 бірлік техника, 4 жүзу құралы мен 10 тасымалды мотопомпа, 50 адамнан тұратын жеке құрам келді.

Аталған топ су тасқыны қаупі бар бірнеше учаскелерге бөлініп, Көкпекті ауданының Самар ауылы және Алтай аудандарында орналасады. Жасақ ТЖ жою басшысының жедел бағығысына өтеді, - делінген хабарламада.


Өзгелердің жаңалығы