Су тапшылығы проблемасынан құтылудың екі жолы бар. Бұл туралы қытайлық сарапшылар айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Партком хатшысы және Қытай ауылдық парткомының төрағасы, CURG басқарма төрағасы Ху Годань су тапшылығынан құтылудың екі жолы барын айтады.
Су тапшылығы, су кризисі – адамзаттың ортақ проблемасы. Одан шығудың тек екі жолы бар. Біріншісі, судың жаңа көзін ашу. Екіншісі, су ресурстарын үнемдеу. Яғни бірінші жолы арқылы теңіз суын тұщыландыру және суды пайдалануды үнемдеу, - деді ол.
Сарапшының ойынша, су тапшылығынан құтылудың осындай екі жолы ғана бар.
Су тапшылығы бар елдер аймағында тұщы су проблемасы бар. Ол әсіресе халық тығыз орналасқан аймақтарда байқалады. Рекреациялық су көзі бұл суды тұщыландыру мәселелерін шешудің маңызды жолы. Қазіргі күні осы екі жол арқылы Қытайдағы су проблемасын шешуге тырысып жатырмыз. Реформа және даму комитеті теңіз суын тұщыландыруға қатысты бағдарламаны ұсынып отыр. Сонымен қатар бүгінгі күні Қытайда бұлақ суларын кәдеге жарату саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізілді, - деп атап өтті Ху Годань.
Ол OriginWater өз құрал-жабдықтары мен технологиясының арқасында жылына 7 млрд шаршы метр сумен қамтамасыз ету мүмкіндігі барын айтты. Сөзінше, бұл сала дамып келеді.
Менің ойымша, теңіз суын тұщыландыру – бұл мәселені шешудің түбегейлі нұсқасы. Өйткені су ешқашан жоғалып кетпейді. Егер суды тұщыландыруда технологияны дұрыс пайдаланса, оны үнемдеуге болады деп ойлаймын, - деп сөзін толықтырды маман.
Қазақстанда да су тапшылығы мәселесі әлі де шешімін таппай келеді. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында елдегі су мәселесіне ерекше тоқталған болатын.
Ел экономикасын тұрақты дамытуға су тапшылығы қатты кедергі болып отыр. Қазір бұл ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды. Сырттан келетін су азайып барады. Сол судың өзін тиімсіз пайдалану жағдайды одан әрі ушықтыруда. Судың 40 пайызы құмға сіңіп жатыр. Бұл салада басқа да түйткілдер аз емес. Атап айтқанда, инфрақұрылым әбден тозған. Сондай-ақ, автоматтандыру және цифрландыру деңгейі төмен. Ғылыми негіздеме жоқ, мамандар тапшы. Бұл мәселелерді шешу үшін Үкімет жанындағы Су кеңесінің жұмысын жандандыру қажет, білімді сарапшыларды жұмысқа тарту керек. Қажетті мамандарды даярлау үшін бұл саладағы іргелі әрі мықты жоғары оқу орнын анықтаған жөн. Су саласын дамытудың үш жылдық жобасын әзірлеу керек, -деді Президент Қасым-Жомарт өз Жолдауында.
Қытай халықаралық баспасөз орталығының бағдарламасына қатысып жатқан шетелдік журналистер OriginWater штаб-пәтерінде болып, Қытайдағы су мәселесі қалай шешіліп жатқанымен танысқан болатын. Олардың қатарында қазақстандық журналистер де бар.
Айта кетейік, бұл бағдарлама елдер арасындағы мәдени ынтымақтастық байланысын кеңейту мақсатында ұйымдастырылып отыр. Оған қоса биыл Қазақстан мен Қытай дипломатиялық қарым-қатынасына 30 жыл толды.
Қытай төрағасы Си Цзиньпин пандемиядан кейінгі Қазақстанға жасаған алғашқы сапарында екі ел басшылары медиа саласында да ынтымақтастық орнататынын айтқан болатын.