Су ресурстары және ирригация министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды

9 Қазан 2023, 19:51
547
Бөлісу:
Су ресурстары және ирригация министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Фото: primeminister.kz

Дәурен Қазантаев Ғанибекұлы Су ресурстары және ирригация министрлігінің аппарат басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Үкіметтін телеграм каналы мәлімдейді.

Дәурен Қазантаев Ғанибекұлы Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің аппарат басшысы лауазымына тағайындалды,- делінген хабарламада.

Дәурен Қазантаев 1984 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.

2005 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірді. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2005 жылы жеке құрылымдарда инвестиция және корпоративтік бизнес бойынша талдаушы болып бастаған.

2007-2010 жылдары – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі құрылымында жетекші маманның міндетін атқарушы, сарапшы.

2010-2016 жылдары Жамбыл және Павлодар облыстары әкімдіктерінің құрылымдарында қызмет еткен.

2016-2020 жылдары – ҚР энергетика министрінің кеңесшісі.

2020 жылдан бастап осы уақытқа дейін Астана қ. Табиғатты қорғау департаментінің басшысы қызметін атқарды.

Өзгелердің жаңалығы