Су ресурстары комитетінің төрағасы қызметінен кетті

25 Сәуір 2020, 02:24
2226
Бөлісу:
Су ресурстары комитетінің төрағасы қызметінен кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Су ресурстары жөніндегі комитет төрағасы Арман Тұрлыбек өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды.

Су тасқыны қаупі де сейіле бастады, менің де Су ресурстары жөніндегі комитеттегі қызметім де мәресіне жетті, – деп жазды ол.
Сондай-ақ қай салада болмасын атқарып жүрген қызметіңнің бір жауапты кезеңі болатынын айтты.
Ол энергетиктерде жылу беру кезеңі, ауыл шаруашылығы мамандарында егін егу мен оны жинау кезеңі болса, сушылар қауымы үшін ол су тасқыны кезеңі. Ал қазіргі пандемия кезінде су шаруашылығы мамандарына жүктелген міндет екі есеге артып, су тасқыны кезеңінен мүмкіндігінше "жымын білдірмей" өту керек болды. Бүгінгі таңда көктемгі су тасқыны кезеңі аяқталуға жақын. Әрине, бұл науқан кезіндегі жұмыстар оңайлықпен атқарылған жоқ. Алдын ала су жинайтын бос контейнерлер резервін дайындап, қауіпті жерлердегі арналарды тазаладық, – деп жазды Арман Тұрлыбек.
Сонымен қатар еліміздегі су секторы саласы айтарлықтай алға жылжығанын, министрдің басшылығымен бірнеше басты жобалардың құрылысы аяқталып, соның арқасында мыңдаған адамдар таза ауыз сумен қамтамасыз етілгенін жазды.
Өзгелердің жаңалығы