Су добынан әлем чемпионатында Қазақстан Бразилиядан басым түсті

23 Маусым 2022, 08:14
1091
Бөлісу:
Су добынан әлем чемпионатында Қазақстан Бразилиядан басым түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Су добынан әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы Бразилиядан басым түсті.

Дүбірлі дода Венгрия астанасы Будапешт қаласында өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионаты аясында сұйымдастырылуда. Еліміздің әйелдер құрамасы D тобында Австралия, Жаңа Зеландия және Бразилиямен шеберлік байқасуда.

Бүгінгі кездесуде қазақстандық спортшылар жинақы қимыл көрсетті. Нәтижесінде қарсыласын 10:6 есебімен тізе бүктірді. Бұл топтағы Австралия Жаңа Зеландиядан 11:2 есебімен басым түсті.

Қазақстандық қыздар алғашқы кездесуінде Австралиядан 6:19 есебімен жеңіліп қалды. Енді олар 24 маусымда Жаңа Зеландиямен ойнайды. Сондай-ақ, әлем чемпионатында D тобында еліміздің ерлер құрамасы Австралия, Сербия, АҚШ құрамалары сынға түсіп жатыр.

Жігіттер алғашқы кездесуінде Австралияға 4:10 есебімен есе жіберіп қойды. Енді ел құрамасы 23 маусымда АҚШ-пен кездессе, 25 маусымда Сербияға қарсы шығады.

Өзгелердің жаңалығы