Студенттерге Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі туралы дәріс оқылды

6 Сәуір 2023, 18:41
852
Бөлісу:
Студенттерге Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі туралы дәріс оқылды
PHOTO
Фото: автордан

Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев Назарбаев Университетінің студенттеріне дәріс оқыды, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Дәріс мақсаты - Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары Съезінің негізгі месседждерін, VII Съездің қорытынды Декларациясын талқылау.

Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев студенттер мен оқытушылар құрамын бейбіт өмір сүрудің, толерантты қоғам құрудың және конфессияаралық диалогтың қазақстандық моделімен таныстырып, VII Съездің қорытындылары туралы, оның халықаралық аренада ерекше рөлін атап өтті.

Студенттерге Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі туралы дәріс оқылды

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезі –бейбітшілік пен келісімді, әлемдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті, сондай – ақ, Қазақстан Республикасының халықаралық беделін нығайтуға бағытталған өркениетаралық, дінаралық және конфессияаралық диалогты насихаттау мен ілгерілетудің ұзақ мерзімді жолы деп айтуға болады, - деді Болат Сәрсенбаев.

Студенттерге Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі туралы дәріс оқылды

Ол мемлекеттігіміздің қалыптасуындағы еліміздің ең маңызды жаһандық жетістігін атап өтті. 

Біз халықаралық қоғамдастықтағы өркениетаралық, конфессияаралық және конфессияаралық диалог пен келісімді бастап, оны ілгерілете алдық, - деді Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының басқарма төрағасы.

Өзгелердің жаңалығы