Студенттердің 77%-ы жұмысқа орналасты – маман

17 Қараша 2023, 15:15
411
Бөлісу:
Студенттердің 77%-ы жұмысқа орналасты – маман
Фото: BAQ.KZ - архив

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім беру департаменті директорының м.а. Ақзира Қасымова Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

БАҚ өкілдерінің «Біздегі техикалық мамандықты бітірген кадрлардың қанша пайызы жұмыспен қамтылды?» деген сауалдарына облыс әкімі жауап берді.

Бізде былтыр 137 мың бала оқу орынын бітірсе, биыл 141 мың бала аяқтады. Студенттердің 77%-ы жұмысқа орналасты. Бұл жақсы көрсеткіш. Ал қалғаны оқуын әрі қарай жалғастырса, кейбірі жұмыс істемей, жеке кәсіппен айналысқан. Алдағы уақытта балалардың 90%-ын жұмысқа орналастыруды жоспарлап отырмыз. Ол үшін қазір техникалық және кәсіптік білім берудің оқу бағдарламаларында кәсіптік дағдылары жайлы жұмыс істеліп жатыр. Біздің тұжырымдамада қабылданған «Бизнес старт», яғни 100 бизнес-инкубаторды ашуды жоспарлап отырмыз. Мұндағы балаларға идеяларын кәсіпке айналдыруға мүмкіндік бермекпіз. Студенттерге оқу бітіргеннен кейін өз-өзін қамтамасыз ете алатын жағдай жасамақпыз, – дейді Ақзира Қасымова.

Өзгелердің жаңалығы