Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Студенттерді жатақханамен қамту: Алматыда Ахуалдық орталық ашылды

2 Тамыз 2025, 22:21
812
Бөлісу:
 ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігінің бастамасымен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің базасында студенттерге арналған Ахуалдық орталық ашылды. Орталық жатақханаға орналаса алмаған студенттерге көмек көрсетуді мақсат етеді, деп хабарлайды BAQ.KZ министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Студенттерді жатақханамен қамту: Алматыда Ахуалдық орталық ашылды

Министр Саясат Нұрбектің айтуынша, бүгінде еліміздің 80%-дан астам жоғары оқу орындарында жатақхана орындарын цифрлық платформа арқылы таңдауға мүмкіндік жасалған. Мәселен, Satbayev University мен NARXOZ университетінің студенттері бөлмені онлайн таңдай алады. Ал бос орын таба алмаған жастар жаңа ашылған орталыққа жүгіне алады.

Ситуациялық орталық Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 142-үйде орналасқан. Мұнда 10 толық жабдықталған жұмыс орны, заманауи техникамен қамтылған кеңсе, конференц-зал, күту және демалыс аймағы қарастырылған. Жүйе арқылы университеттермен жедел байланыс орнатылып, студенттерге нақты көмек көрсетіледі.

Студенттерді жатақханамен қамту: Алматыда Ахуалдық орталық ашылды

Сонымен қатар, министрлік жатақхана тапшылығын шешу үшін нормативтік субсидия көлемін ұлғайтып, жеке инвесторлармен бірлесіп соңғы бес жылда 400-ден астам жаңа жатақхана салған. Солардың бірі — кәсіпкер Бауыржан Кәрібжанов іске қосып жатқан жаңа жатақхана. 4 қабатты ғимаратта әр қабатта 12 пәтер, әр пәтерде 8 студентке арналған орын қарастырылған. Асхана, кір жуатын машина, душ, дәретхана және өрт қауіпсіздігі жүйесімен толық қамтылған.

Өзгелердің жаңалығы