Студенттер жасанды интеллект бойынша білім алатын болды

24 Тамыз 2023, 16:43
1791
Бөлісу:
Студенттер жасанды интеллект бойынша білім алатын болды
Фото: автордан

Бұл туралы Жоғары білім және ғылым форумында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

10 тамыз күні IBM ақпараттық технологиялардың пионері деп айтуға болатын ең ірі компания баяндама жасады. Онда еңбек нарығына жансанды интеллектінің қалай әсер ететіні туралы есепті көрсетілген. Есепте жасанды интеллектінің өте тез дамып келе жатқаны жайлы айтылған. Былтыр қазан айында шыққан ChatGPT төртінші буынды генеративті жасанды интеллект бірнеше айдың ішінде үлкен жылдамдықты алып, ірі компаниялардың  бәсекесіне қосылды, - деді министр.

Саясат Нұрбектің айтуына қарағанда, енді жасанды ІВМ-нің есебі бойынша, жасанды интеллект жұмыс орындарын көп алмайды. Жасанды интеллектіні меңгерген қызметкерлер, жасанды интеллектіні меңгере алмаған немесе меңгергісі келмеген, шамасы болмаған, білімі жетпеген қызметкерлердің орнын алып қояды деген қорытынды жасап жатыр.

Біз стратегиямызды цифрлы сауаттылық деген ұғыммен бастағанымыз естеріңізде шығар. Бір жыл бұрын цифрлы сауаттылық керек екенін айттық. Енді цифрлы сауаттылық емес, жасанды интеллект сауаттылығы туралы әңгіме қозғалып жатыр. Сондықтан біз Google компаниясымен бірігіп, арнайы жасанды интеллект сауаттылығы курсын пысықтап жатырмыз. Келесі айдың соңында Нью-Йоркке барып, келісімшартқа қол қоямыз. Келесі оқу жылынан бастап, барлық университеттің студенттеріне жасанды интеллект сауаттылығы курсы беріледі, - деп айтты Ғылым және жоғары білім министрі форумда.

Өзгелердің жаңалығы