Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы жаңадан тағайындалды

16 Қыркүйек 2023, 10:16
715
Бөлісу:
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы жаңадан тағайындалды
Фото: gov.kz

Жандос Шаймарданов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жандос Нұрланұлы Шаймарданов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын, - делінген Ақорда жариялаған Мемлекет басшысының қаулысында.

Жандос Шаймарданов 1987 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 2009 жылы "Болашақ" стипендиясы бойынша Ұлыбританиядағы Йорк университетін "Экономика және қаржы" мамандығы бойынша бітірген. 2020 жылы Испаниядағы IE университетінде Бизнес-талдау және Big Data магистрі дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2009 жылы ҚР Экономика және жоспарлау министрлігінде бас сарапшы қызметінен бастаған.

2010-2013 жылдары – "Самұрық-Қазына" АҚ менеджері;

2013-2014 жылдары – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі;

2014-2016 жылдары – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры;

2016-2019 жылдары – "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ департамент директоры, басқарушы директоры;

2019-2020 жылдары – "QazTech Ventures" АҚ Басқарма төрағасы;

2020-2022 жылдары – ҚР Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты департаментінің директоры;

2022 жылғы 24 ақпаннан бастап – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы.

Президенттік Жастар кадр резервінің мүшесі.

Өзгелердің жаңалығы