Мемлекет басшысы стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуларына қатысты

22 Қараша 2019, 18:52
2009
Бөлісу:
Мемлекет басшысы стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуларына қатысты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан Республикасының президенті – Қарулы Күштердің жоғарғы бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қорғаныс министрлігінде мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының қатысуымен стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті.

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, мемлекет басшысына оқу-жаттығулардың негізгі міндеттері мен кезеңдері туралы мәлімет берілді. Аталған оқу-жаттығулары қазіргі сын-қатерлерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының қорғаныс жүйесі мен әскери қауіпсіздігін сақтау мақсатында ведомствоаралық іс-қимылдарды нығайтуға бағытталған.

к1.jpg

Оқу-жаттығу барысында елімізге төнетін сыртқы қатерлерді болдырмау үшін әскери және әскери емес сипаттағы мемлекеттік шараларды жүзеге асыру мәселелері пысықталды, - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы әскери қауіпсіздік саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру, сондай-ақ қорғаныс жүйесі алдындағы міндеттерді шешу үшін мемлекеттік органдарды дайындау шараларын жолға қою жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Оқу-жаттығу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев өздерінің әскери борыштарын атқару кезінде қаза тапқан Қазақстан армиясының сарбаздары мен офицерлерінің рухына тағзым етті.

к3.jpg


Өзгелердің жаңалығы