«Странджа» турниріне қатысатын қазақстандық боксшылар анықталды

4 Қаңтар 2024, 07:30
528
Бөлісу:
«Странджа» турниріне қатысатын қазақстандық боксшылар анықталды
Фото: sports.kz

Болгария астанасы София қаласында 2-12 ақпан аралығында өтетін дәстүрлі «Странджа» турниріне қатысатын қазақстандық боксшылар анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Kazinform-ға сілтеме жасап.

Халықаралық турнир биыл 75 мәрте жалауын көтереді. Оған Қазақстан құрамасы сапында 11 боксшы қатысады. Ел құрамасы сапында турнирде бақ сынайтын боксшылар қатарында әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай бар. Бас бапкер Мырзағали Айтжанов жарыс басталғанға дейін құрама сапында өзгеріс болуы мүмкін екенін атап өтті.

Қазақстан құрамасының құрамы төмендегіше:

51 келі: Санжар Тәшкенбай

54 келі: Дәулет Молдашев

57 келі: Оразбек Асылқұлов

60 келі: Руслан Күзеубаев

63,5 келі: Ерасыл Танкай

67 келі: Дулат Бекбауов

71 келі: Талғат Шәйкен

75 келі: Нұрқанат Райыс

80 келі: Тұрсынбай Құлахмет

86 келі: Абзал Құттыбеков

92 келі: Сағындык Тоғамбай

Өткен жылы «Странджа» турниріне еліміздің атынан 12 боксшы қатысқан еді. Олар бір күміс, бір қола медаль алды. Нәтижесінде медальдар кестесінде жетінші орынға жайғасты.

Еске салсақ, бұдан бұрын бокстан Иштван Бочкай атындағы турнирге қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды.

Өзгелердің жаңалығы