«StopMusor». Соловьева халықтың әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мәселесін көтерді

25 Ақпан 2021, 17:20
1668
Бөлісу:
«StopMusor». Соловьева халықтың әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мәселесін көтерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының басқарма төрайымы Айгүл Соловьева «EcoTalks2021» іс-шарасында айтты.

«StopMusor» жобасы халықтың сауаттылығы мен әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ азаматтар арасында тұрмыстық қалдықтарды жауапкершілікпен кәдеге жарату мәдениетін тәрбиелеуге бағытталған. Өкінішке қарай, қоғамдық орындарда тұрмыстық қоқыстарды жиі кездестіруге болады. Әрине, бұл бізді алаңдатады, - деді Соловьева.  

Оның айтуынша, олар қалаларды ластап қана қоймай, қоршаған ортаға зиян келтіреді.

Қалдық төгушілер жиналса, полигондар пайда болады. Қоқыс полигондары біздің азаматтарымыз тыныс алатын атмосфералық ауаның ластануын күшейтеді, - деді ол.  

Соловьева айтқандай, Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы осы бағыт бойынша - азаматтардың арасында тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату мәдениетін тәрбиелеу аясында жұмыс істейді.

Жобаның негізгі серіктестері ретінде Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, сондай-ақ Нұр-сұлтан және Алматы әкімдіктері, "Филлип Моррис" Қазақстан" компаниясы болды. Өткен жылдың сәуір айында жобаны іске асыру алдында біз Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының тұрғындары арасында онлайн сауалнама жүргізуді қолға алдық. Олардың нәтижелері бойынша респонденттердің көпшілігі қалаларда қоқыс тастау мәселесінің өзектілігін түсінеді. Сауалнамаға қатысқан әрбір екінші адам қоғамдық орындарда ұсақ тұрмыстық қоқыстарды жиі кездестіретінін атап өтті. Қалыптасқан жағдай қала тұрғындарын алаңдатады және олар адамдардың қоқыс жәшіктерге тастамайтынына деген теріс көзқарасын көрсетеді, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы