STOPFAKЕ: Ақпараттың рас-өтірігін тексеріңіз

22 Шілде 2020, 06:21
1389
Бөлісу:
STOPFAKЕ: Ақпараттың рас-өтірігін тексеріңіз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түрлі әлеуметтік желілерден келген ақпараттарды өзгемен бөліспес бұрын, оның шынайы ақпарат екендігіне көз жеткізген жөн. Ол үшін елімізде арнайы сайт құрылған.

Бұл туралы жуырда ғана ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жұмысқа орналасқан Максим Рожин facebook-тегі парақшасында жазды.
Тексерілмеген, сенімі жоқ ақпарат үшін адамдар жауапкершілікке тартылып жатса да, бәрібір фэйк ақпаратты таратуға ниеттілер бар. Рас-өтірігін тексермей, қабылдағанымең бөлісе салатын жомарт жандардың бары рас. Және неғұрлым шошытарлық ақпарат болса, соғұрлым оны таратуға ниетті екенбіз. Сіз таратып жатқан ақпарат ең сорақысы біреудің тағдырына кері әсер етеді, ал жалпы біреудің алдауына алып баруы мүмкін. Сол себептен ақпаратты таратпас бұрын тексерейік, – дейді Максим Рожин.
Сондай-ақ, ол  арнайы сайт жасалып, пилоттық режимде тексерістен өткізіп жатқандарын айтты.
Бұл кез келген азамат фэйк ақпаратты растауға болатын агрегатор-сайт, яғни фэйк ақпарат жинақталып, рас-өтірігі тексеріледі. Қолданып көріңіздер, пікір мен ұсыныстарыңыз болса, қабылдауға әзірміз, – деп жазды Максим Рожин.

Өзгелердің жаңалығы