Стоматологиялық қызметтің жаңа стандарты әзірленді

23 Қараша 2022, 12:22
1035
Бөлісу:
Стоматологиялық қызметтің жаңа стандарты әзірленді

17 жaсқa дейінгі бaлалaр мен жүкті әйелдер жылына бір рет динамикaлық бақылаудaн және стомaтологиялық қaрaп-тексеруден өте aлaды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Денсaулық сaқтaу министрлігінің стомaтологиялық көмек көрсету туралы жaңa стaндaртының жобасында жaзылған. Тегін стоматологиялық қызмет міндетті әлеуметтік және ерікті медицинaлық сaқтaндыру aясындa жүзеге aсырылaды. 

Стaндарт жобасына сәйкес, балалар стоматолог дәрігердің қарауынан 1 жаста, 6 жаста және 12 жаста жылына бір рет тексеруден өтуі тиіс. Басқа кездері стоматологиялық аурудың қауіп дәрежесіне және белсенділігіне байланысты жылына бір реттен сиретпей қаралуына болады. 

Бастапқы деңгейде стоматологиялық көмек АМСК медициналық ұйымдарымен және мамандандырылған стоматологиялық ұйымдармен жүргізіледі.

Екінші және үшінші деңгейлерде стоматологиялық көмек мемлекеттік ұйымдарда да (стоматологиялық емхана, клиника, орталық, кабинет), сондай-ақ фельдшерлік-акушерлік пункттердің, дәрігерлік амбулаториялардың, алғашқы медициналық-санитариялық көмек орталықтарының, емханалардың, көп бейінді медициналық ұйымдардың, білім беру ұйымдарының, жылжымалы медициналық кешендердің және медициналық пойыздардың құрылымдық бөлімшелерінде, білім беру ұйымдарындағы стоматологиялық кабинеттерде, ведомстволық ұйымдардың стоматологиялық ұйымдарында және жеке стоматологиялық кабинеттерде, орталықтарда көрсетіледі.

Стоматологиялық көмек алғашқы медициналық-санитариялық көмек мамандарының жолдамасынсыз көрсетіледі.

Балалардың денсаулық жағдайы бойынша стационарлық емдеуді талап етпейтін стоматологиялық ауруды балаларда күдіктенген немесе анықтаған кезде, АМСК медициналық жұмыскерлері (жалпы тәжірибе дәрігері (отбасылық дәрігер), педиатр, фельдшер, тәжірибесі кеңейтілген медбикелер (жалпы тәжірибе), учаскелік медбикелер немесе орта бейінді медициналық білімі бар білім беру ұйымдарының қызметкерлері балаларды стоматолог-дәрігерге (балалардың) немесе стоматологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жалпы тәжірибесі бар стоматолог-дәрігерге кеңес алуға жібереді. 

0 жастан 17 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдер жылына 1 рет динамикалық бақылауға және стоматологиялық қарап-тексеруге жатады

Стоматолог дәрігер (балалардың) балаларды қарап-тексереді:

бір жаста – 1 рет (12 айда);

6 жаста - 1 рет (12 айда);

12 жаста - 1 рет (12 айда)

басқа жас кезеңдерінде - стоматологиялық аурулардың барысының қауіп дәрежесіне және белсенділігіне байланысты, бірақ профилактикалық іс-шаралардың кешендеріне сәйкес жылына бір реттен сиретпей. 

Жас кезеңіне байланысты профилактикалық іс-шаралардың келесі кезеңдері өткізіледі:

0 жастан 3 жасқа дейінгі балалар үшін: 

ата-аналарды шыққаннан кейін бірден балалардың тістеріне күтім жасауға ынталандыру (жаднамалар, брошюралар және т.б. беру); ата-аналарды балалардың ауыз қуысын оңтайлы күтуге үйрету; балалардың тамақтануында қантты 20 г. дейін шектеу бойынша ұсыныстар;  ауыз қуысын қарап-тексеру (1 жасқа дейін - жылына 2 рет), тістерге күтім жасау бойынша жеке ұсыныстар; көрсетімдер бойынша құрамында фтор бар препараттарды эндогенді қолдану (2 жастан бастап); 

3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларда: 

бала-бақшалардағы тәрбиешілерді және ата-аналарды балалардың тістерін тазарту әдістеріне үйрету; 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды ауыз қуысының гигиенасына үйрету; шыққаннан кейін бірден алғашқы тұрақты азу тістердің фиссураларын саңылаусыздандыру; көрсетімдер бойынша құрамында фториді бар препараттарды эндогенді қолдану; тіс жегісінің асқынуын алдын алу мақсатында ауыз қуысының санациясы; жарақат келтірмей пломбалау; миогимнастиканы, альвеолалық өсіндіні уқалауды, уақытша тістердің шығу мерзімдерін, жұптылығын және симметриялылығын бақылауды, көрсетімдер бойынша - тіл жүгеншігінің пластикасын, зиянды әдеттерді кетіруді, қажет болса уақытша тістерді таңдаулы жонып тегістеуді, протездеуді қамтитын тіс-жақ аномалияларының алдын алу. 

6-дан 14 жасқа дейінгі балалар үшін: 

ата-аналарға, мұғалімдерге, балаларға ауыз қуысы гигиенасының маңыздылығы, дұрыс тамақтану, аурудың алғашқы кезеңдерінде тістерді емдеу қажеттілігі туралы жүйелі стоматологиялық білім беру; тістердің тазарту әдістемесіне жеке үйрету; тұрақты азу тістердің фиссураларын саңылаусыздандыру; реминерализациялық препараттарды жергілікті қолдану; құрамында фториді бар препараттарды көрсетімдер бойынша қолдану; ауыз қуысының кәсіби гигиенасы; мектептердің стоматологиялық кабинеттерін ақпараттық материалдармен қамтамасыз ету; балалардың мектептегі тағамындағы тіс жегіні тудыратын өнімдерді шектеу; заманауи пломбалау материалдарын, композициялық материалдарды және т.б. қолданып, ауыз қуысын санациялау; тіс-жақ аномалияларының алдын алу: тұрақты тістердің мерзімдерін, жұптылығы мен шығу симметриялылығын бақылау, көрсетімдер бойынша - ерін жүгеншігінің, ауыз қуысының ұсақ кіреберісінің пластикасы, зиянды әдеттерді кетіру, қажет болса - уақытша тістерді таңдамалы жонып тегістеу, протездеу. 

15-17 жастағы жасөспірімдер мен жүкті әйелдер үшін: 

ауыз қуысының гигиеналық күйін бақылау және қажет болса тістерді тазарту бойынша нұсқамалық және ауыз қуысы гигиенасының құралдарын таңдауға көмектесу; ауыз қуысының кәсіби гигиенасы; ауыз қуысының санациясы (заманауи пломбалау материалдарын қолданып); стоматологиялық аурулардың туындау қаупінің ықтимал факторларын: тәттіні шамадан тыс жеуді, ауыз қуысының қанағаттанғысыз гигиенасын анықтау мәніне жеке әңгімелесу.

Тіс жегінің көптеген асқынулары бар 4 жасқа дейінгі балаларды, сондай-ақ орталық жүйке жүйесінің функционалдық және органикалық зақымданулары бар (мүгедектігі белгіленген балалар мен ересектер), ауырсыну сезімдерінің туындау қаупі бар медициналық көрсетілімдер бойынша санациялау тиісті лицензиясы және реанимациялық көмек көрсету үшін шарттары бар стоматологиялық ұйымдарда жансыздандырумен (жергілікті, жалпы жансыздандырумен немесе седациямен) жүргізіледі.

Қажет болса, стоматолог дәрігер медициналық көрсетімдер бойынша баланы «педиатрия» мамандығы бойынша дәрігерге кеңес алуға жібереді. 

Өзгелердің жаңалығы