Стихиялық қоқыс: Экология министрі жағдайды қалай шешетінін айтты

19 Желтоқсан 2023, 15:50
661
Бөлісу:
Стихиялық қоқыс: Экология министрі жағдайды қалай шешетінін айтты
Фото: Үкімет баспасөз қызметі

2024 жылдан бастап қалдықтарды басқару жөніндегі арнайы кәсіпорындарды субсидиялау қайта басталады. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның сөзінше, министрлік Түркия, Испания, Германия, Швеция, АҚШ-тың кейбір Штаттары, Норвегия, Канада, Корея және Жапония сияқты елдердің қалдықтарды басқару саласындағы тәжірибесін зерттеді.

Халықаралық тәжірибеде қалдықтарды тиімді басқару мақсатында қайталама шикізатты тапсырғаны үшін сыйақы беру мен қалдықтарды шығару қызметіне сараланған тарифтеу және әкімшілік жауапкершілікке тарту сияқты негізгі шаралар қолданылады, - деді Нысанбаев үкімет отырысында.

Нысанбаев жоғарыда аталған шараларды іске асыру үшін инфрақұрылымды дамыту керек және бизнес субъектілерін осы салаға тартуға тиіспіз.

Халықаралық тәжірибені ескере отырып, жеңілдетілген қаржыландыру тетігі әзірленді – «Өнеркәсіпті дамыту қоры» арқылы сыйақы мөлшерлемесі 3 процент және 3 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге қаржыландыру қарастырылған. Жобаларға 3 жылға бөлінетін қаражаттың жалпы мөлшері шамамен - 200 млрд теңге . Үкімет қаулысының тиісті жобасын мемлекеттік органдармен келісу аяқталуға жақын, - деді ведомство басшысы.

Қазіргі кезде әкімдіктермен бірлесіп жобалар пулы қалыптастырылуда, бүгінде 60 млрд теңгеге жуық сомаға 11 жоба келіп түсті.

Іріктеу кезінде өңірлердің қажеттіліктері және жобалардың Коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламаларына сәйкестігі ескерілетін болады. Сондай-ақ, 2024 жылдан бастап қалдықтарды басқару жөніндегі арнайы кәсіпорындарды субсидиялау қайта басталады. Төлемдерді жүзеге асыру тәртібін бекіту туралы бұйрық қабылданды. Ақшалай төлемдердің мөлшерін бекіту жөніндегі үкімет қаулысының жобасы мемлекеттік органдармен келісілді және бекіту үшін үкімет Аппаратына енгізілді, - дейді министр. 

Өзгелердің жаңалығы