Степногорсктегі апат. Ақмола әкімі үйлердегі жылуды тексерді

8 Желтоқсан 2023, 16:24
544
Бөлісу:
Степногорсктегі апат. Ақмола әкімі үйлердегі жылуды тексерді
VIDEO
Фото: ОКҚ

Кеше Степногорск қаласының жылу желілерінде құбыр жарылып, апаттық жағдай орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

8 желтоқсан күні сағат 8:10-да дәнекерлеу жұмыстары аяқталып, жүйеге су берілді.

«Степногорск теплотранзит» ЖШС мамандары ағып кетуді жою және азаматтардың үйлеріне жылу беруді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді.

Қазір апат болған 6-шағын ауданмен қоса, №16, 17, 18, 21, 22, 23, 24 үйлерге жылу беріле бастады. 

Марат Ахметжанов апат болған үйлердің біріне барып, жылу берілуін тексерді. 

Дәл осы апат орнаған үйде кеше түнде жылу магистралінен су толығымен ағызылды. Бүгін жылу магистралі қайта толтырылып, жылыту жүйесі қайта іске қосылды. Ақау жойылды. Қазір жылу батареялары ыси бастады, - деді ол.

Әкім тұрғындарға түсіністік танытқаны үшін алғыс білдірді.  

Естеріңізге сала кетейік, кеше кешкі уақытта Ақмола облысының Степногорск қаласында қаланың кварталішілік жылу магистралінде жарылыс болған еді. Соның салдарынан бірқатар көпқабатты үйлерге жылу беру тоқтатылды.

Өзгелердің жаңалығы