Степногорскте 255 миллион теңгені жымқырған банк бөлімше директоры мен кассир күдікке ілінді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2022 жылғы желтоқсанда Степногорск қаласында орналасқан банктердің бірінің филиалдарын жоспарлы тексеру барысында банктің аса ірі мөлшердегі ақшалай қаражатының жетіспеушілігі анықталды.
Осы фактіге сәйкес ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды "Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу".
Алдын ала ақпарат бойынша, бір-бірімен сөз байласқан айыпталушылар ешбір қылмыстық схемасыз және шоттарды бұрмалаусыз жоғарыда аталған соманы бір ай ішінде кассадан алып шыққан. Қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр.