Америкалық кәсіпкер және SpaceX компаниясының басшысы Илон Маск әлеуметтік желідегі X парақшасында спутниктік интернет Starlink енді Қазақстанда қолжетімді екенін хабарлады, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Іске қосу рәсімі 2025 жылдың 13 тамызында өтті. Енді қазақстандықтар төмен орбиталық спутниктер жүйесі арқылы қамтамасыз етілетін жоғары жылдамдықты желіге қосыла алады.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Starlink технологиясы ең шалғай және қол жетпейтін аймақтарда да тұрақты сигнал алуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Бұл миллиондаған қазақстандықтарға заманауи цифрлық сервистерге жол ашады.
Starlink пен Қазақстан арасындағы келісім 2025 жылдың 12 маусымында жасалды. Онда компания қызметті жергілікті заңнама талаптарына сай көрсетуге міндеттелген.
Тарифтер мен қосылу жөніндегі ақпарат ресми сайтта қолжетімді: starlink.com.