Стамбұлда түркі инвестициялық қорының құрылуы талқыланды

25 Сәуір 2022, 21:34
1357
Бөлісу:
Стамбұлда түркі инвестициялық қорының құрылуы талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Стамбұлда Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер министрліктерінің Аға лауазымды тұлғалары комитетінің кезекті отырысы өтті. 

Отырыс барысында Түркі инвестициялық қорын құру туралы келісім жобасы талқыланды. Қордың мақсаттары мен міндеттері - ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің аумағында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталатын түркі мемлекеттерінің жеке қаржы құралын қалыптастыру.

ҰЭМ халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаментінің директоры Ержан Несіпқұлов өз сөзінде Қор ұйымға қатысушы елдер экономикасының басым секторларына өзара инвестициялар тартуға жаңа серпін беретінің атап өтті. 

Қазақстан болашақта Қордың табысты жұмыс істеуіне мүдделі. Кездесуде айтылған барлық ұсыныстар бәріміз үшін ұзақ мерзімді тұрақты дамуды қамтамасыз етеді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы