Стратегиялық сауда бақылауының бірыңғай механизмі қажет

9 Маусым 2021, 16:12
2406
Бөлісу:
Стратегиялық сауда бақылауының бірыңғай механизмі қажет

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент жанынан Әлемдік экономика және саясат институтының директоры Ержан Салтыбаев Қазақстандағы стратегиялық сауда бақылауы саласының өзекті мәселелеріне арналған отырысында айтты.

Оның айтуынша, стратегиялық сауда бақылауы қазақстандық ғылыми ортада көп талқыланбайды. Алайда халықаралық сауда мен қазақстандық тауар қызметінде ол маңызды рөл атқарады.

Оның тарихына көз жүгіртер болсақ, экспорттық сауда бақылауы мәселесі Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде көтеріле бастады. Ол кезде бақылауға қару- жарақ тасымалы алынды. Ал ядролық қару пайда болғаннан кейін бұл мәселе өзекті бола түсті. Үндістанның 1974 жылы "бейбіт" ядролық жарылысынан кейін ядролық қару-жарақ жасауда қолданылуы мүмкін материалдар тасымалын бақылау қажет екені айдан анық болды. Үндістан реакторды пайдаланып зерттеу жұмыстарын жасаған. Реакторлар Канададан жеткізілген. Нәтижесінде 1975 жылы ядролық тасымалдаушылардың тобы құрылды. Ол яролық материалдар экспортының жалпы принциптерін бекітеді. 80-90 жылдары "суық" соғыстың аяқталуынан кейін 1994 жылы НАТО-ның стратегиялық блогінің Кеңес аумағына өтуіне тосқауыл қойып отырған экспорттық кординациялық комитет таратылды. Ресей мен ТМД елдері арасында 18 келісімге қол қойылды. Пәкістанның 1998 жылы ядролық қару сынағынан кейін БҰҰ 1530 резолюциясын қабылдады. Оның аясында мемлекеттерден экспорттық бақылау мен шекаралық бақылаудың тиімді жүйесін енгізу талап етіледі. Химиялық және биологиялық қару жасаушы мемлекеттік емес секторға қолдауға тыйым салу талаптары қойылған,- деді ол.

Оның айтуынша, экспорттық бақылау мәселесі әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ. Бұл тақырыпқа қатысты түрлі пікірлер мен көзқарастар қайшылығы туындауда.

Оған бірыңғай халықаралық жүйелі механизмнің жоқтығы себеп. Осы саланы реттейтін бірнеше арнайы режим бар. Олардың қатарында ядролық тасымалдаушылар тобы мен 18 келісімнен бөлек Цангер комитеті, ракеталық технологияларды бақылау режимі, Аустралиядағы жаппай қырып-жою қаруына қарсы тобы маңызды рөл атқарады. Дегенмен олардың барлығының талаптары міндеттелмеген, оны сақтау- сақтаму еркіндігі берілген. Сол себепті мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты реттеудің құралы қажет. Оның басты механизмін стратегиялық экспорттық бақылау жүзеге асыруы керек, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы