СҚО криминалистері жыл басынан 583 қылмыс орнына тексеріс жүргізді

6 Сәуір 2022, 23:25
1383
Бөлісу:
СҚО криминалистері  жыл басынан 583 қылмыс орнына тексеріс жүргізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. СҚО криминалистері жыл басынан 583 қылмыс орнына тексеріс жүргізді, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Сақ қылмыскердің өзі де іздерін қалдырады. Оларды табу, зерттеу, ғылыми негізде дәлелдемелер базасын қалыптастыру – жедел-криминалистикалық бөліністердің міндеті. Жыл басынан СҚО криминалистері қылмыс орындарын тексеру үшін 538 рет шықты. 

Бүгінгі таңда криминалистерде жедел қызығушылық туғызатын дактокарталар, адамдардың фото-бейне және бейне жазбалары, сондай-ақ іздердің коллекциясы, иіс үлгілері, криминалистикалық есептер сақталатын видеотека, “Папилон”, “Образ++ 3.0” кеңейтілген автоматтандырылған деректер базасы бар, – дейді СҚО ПД Жедел-криминалистикалық басқармасы бастығының міндетін атқарушы Қанат Оспанов. 

3 айда дактоесептермен жұмыс 37 қылмысты, оның ішінде адам өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, тонау және басқалары сияқты ауыр және аса ауыр қылмысты ашуға септігін тигізді.

Зерттеу нәтижелерінің сотта көмегі зор, тергеу материалдарын толықтырады. “Папилон” базасы бойынша сәйкес анықталған іздер, белгілер күдіктіні жылдам анықтауға мүмкіндік береді. 

Мәселен, осындай тәсілмен Петропавлда наурыз айында жасалған пәтер ұрлығы ашылды. Компьютер оқиға орнынан алынған саусақ іздерінің негізінде ұқсас іздерді таңдап тауып береді. Бұл криминалистің жұмысын едуәір жеңілдетеді. Сондай-ақ, “Образ++ 3.0” базасы қолданылады. Қаскөйдің жеке белгілері деректер базасынан қажет емес нұсқаларды алып тастап, жұмысты жеңілдетуге мүмкіндік береді. Бұл базаны пайдаланудың арқасында тағы 30 қылмыс ашылды. 

СҚО криминалистері 3 айда барлығы 1777 жедел-іздестіру іс-шаралары мен тергеу әрекеттеріне қатысты.

Өзгелердің жаңалығы