СҚО-да улы ойыншықтар табылды

18 Ақпан 2023, 16:42
1537
Бөлісу:
СҚО-да улы ойыншықтар табылды
Фото: cryptouncos.com

Санитарлық дәрігерлер Солтүстік Қазақстан облысындағы дүкен сөрелерінен улы ойыншықтар тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ «31 арнаға» сілтеме жасап.

Қуыршақтар мен машиналар балаларда кем дегенде көздің қызаруы мен тұншығу сипаттағы белгілерді тудыруы мүмкін. Тіпті улануға әкеп соғуы мүмкін.

Дәрігерлер 170 өнімді сынақтан өткізіп, олардың 100-і стандарттарға сәйкес келмейтінін анықтады. Сондай-ақ улы ойыншықтар, негізінен Қытайда шығарылатынын атап өтті.

Токсикологиялық көрсеткіштер бойынша екі сынама. Бұл өнімдерде өндіруші, тауардың құрамы, шығарылған күні туралы мүлде ақпарат жоқ және формальдегид анықталды. Бұл ҚХР өнімі. Санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша жеті сынама жасалып, метил спирті, бензол, гептан және фенолдың құрамына сәйкес келмеді, – деді СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Татьяна Горлова.

Сарапшылар балаларды қорғау мақсатында ашық түсті ойыншықтарды сатып алмауға кеңес береді. Себебі мұндай ойыншықтардан токсиндер табылған. Иіске де назар аудару керек: егер ойыншықтың иісі тәтті болса, онда улы фенол болуы мүмкін. Ойыншықтардың таңбалануын мұқият зерттеп, сатушылардан тауарлардың сертификатын сұрау артықтық етпейді.

Өзгелердің жаңалығы