СҚО-да су тасқынынан зардап шеккендерге алғашқы 7 пәтер алынды

6 Мамыр 2024, 09:20
231
Бөлісу:
СҚО-да су тасқынынан зардап шеккендерге алғашқы 7 пәтер алынды
PHOTO
Фото: Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Петропавлда су тасқынынан зардап шеккендерге алғашқы 7 пәтер сатып алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Оның біреуіне Косогорда тұрған Валерий және Людмила Беленконың отбасысы ие болды. Облысықа іс сапармен барған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова және СҚО әкімі Ғауез Нүрмұхамбетов Беленко жанұясында болып, жаңа қоныспен құттықтады. 

СҚО-да су тасқынынан зардап шеккендерге алғашқы 7 пәтер алынды

Жалпы айтып өткен жөн, пәтерді адамдар өздері таңдайды. Баспана беру бағалау жұмыстары мен комиссияның үйді қалпына келтіру мүмкін емес деген қорытындысына байланысты беріліп отырмақ.

СҚО-да су тасқынынан зардап шеккендерге алғашқы 7 пәтер алынды

Сондай-ақ, Министр Ойқалада қалпына келтіру жөніндегі штабта болып, Солнечный 2 ықшам ауданында салынып жатқан үйлер құрылысының барысымен танысты.

СҚО-да су тасқынынан зардап шеккендерге алғашқы 7 пәтер алынды

 Жаңа жатақханада зардап шеккендермен және «Қызылжар су» қызметкерлерімен кездесу өткізді. Оған қоса, гуманитарлық көмекті қабылдау пунктінде болып, еріктілермен кездесіп, шығынды өтеу туралы арыздарды Egov mobile қосымшасы арқылы қабылдау алгоритмі туралы түсіндерме жүргізді.

Өзгелердің жаңалығы