Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. СҚО-ның сот орындаушылары проблемалық алименттік істер бойынша қарыздарды өндіріп алды.
Қызметі тек алимент бойынша берешекті өндіруге бағытталған Петропавлдың бес сот орындаушысының қатарында Қарлығаш Абаева мен Рада Сыздықова бар. Мамандардың келісілген жұмысы мен дер кезінде қолданылған шараларының арқасында ұзақ мерзімді қарыздар өндіріліп келеді. Күні кеше Қарлығаш Абаева борышкерден 3 миллион теңгеге жуық ақша өндіріп алған. Ер адам 2015 жылдың желтоқсан айынан бері алимент төлемеген. Борышкерге қатысты қолданылған мәжбүрлеу шаралары, оның ішінде елден шығуға тыйым салу, мүлкіне және банк шоттарын бұғаттау шаралары, нәтиже бермеген, - делінген республикалық сот орындаушылар палатасының хабарламасында.
Сот орындаушы ішкі істер бөліміне қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс жіберген соң, борышкер соманы толығымен төледі. Атқару құжаты талап қоюшының өтініші бойынша қайтарылды.
Жаңа жылдың 17 ақпанында басқа өндіріп алушының есепшотына 3 миллион теңгеден астам қаражат түскен. Ақша бірнеше жыл бойы жиналған алимент қарызы.
Өндіріп алушы «Менің алимент жөнінде ешқандай шағымым жоқ» деп өз арызында жазған.