СҚО-да өз бетінше алынған жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды

29 Қазан 2024, 13:33
408
Бөлісу:
СҚО-да өз бетінше алынған жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды
Фото: Жер ресурстарын басқару комитеті

ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің Петропавл қалалық департаменті мен әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің өтініші негізінде мемлекет меншігіндегі жерлерді заңсыз иемдену фактісі бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тексеру және өлшеу нәтижелері бойынша 0,8 га аумақтағы мемлекеттік меншік жер учаскесін жергілікті ЖШС-нің заңсыз иемденгені және пайдаланғаны анықталды.

Заң бұзушылық үшін заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Департамент Петропавл қаласының әкіміне мемлекеттік меншік жер учаскесін заңсыз иемденген жерді қайтару туралы шаралар қабылдау жөнінде хат жолдады, - делінген хабарламада.

СҚО мамандандырылған аудан аралық экономикалық сотының шешімімен Петропавл қаласының әкімдігінің талап-арыздары қанағаттандырылды.

Өзгелердің жаңалығы