СҚО-да несие корпорациясының басшысы «Бизнеске жол» көрсетем деп пара алған

28 Қыркүйек 2023, 09:30
875
Бөлісу:
СҚО-да несие корпорациясының басшысы «Бизнеске жол» көрсетем деп пара алған
Фото: Арман Мухатов - архив

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Бизнеске жол» жобасын іске асыру шеңберінде «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облыстық филиалының басшысын ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Антикордың баспасөз қызметі мәлім еткендей, ол ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден бірнеше рет пара алды деп күдіктелуде.

Пара сомасы 100 мыңнан 500 мың теңгеге дейінгі мөлшерді құрады. Ақшалай қаражаттар ҚР Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде бөлінетін кредиттік қарыздарды беру мәселесін оң және кедергісіз шешуге арналған. Күдікті Петропавл қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі, - деді Антикордың ресми өкілі Арман Тілеукенов.

Айта кетейік, «Бизнеске жол» жобасының мақсаты – кәсіпкерлерге әртүрлі әкімшілік кедергілерді, құжаттарды ресімдеу кезінде әуре-сарсаңдарды еңсеруге көмектесу, мемлекеттік қызметшілер қабылдайтын шешімдердің мерзімдері мен ашықтығын сақтауды қамтамасыз ету. 

Өзгелердің жаңалығы