СҚО-да мал ұрлығы үш есе азайды

12 Қараша 2024, 02:10
237
Бөлісу:
СҚО-да мал ұрлығы үш есе азайды
Фото: архив

СҚО-да мал ұрлығы үш есе азайды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері мал ұрлығының алдын алуды тұрақты негізде жүргізеді. Іс жүзінде бүкіл облыста үй жануарларының иелері шопандармен және жергілікті атқарушы органдармен үш жақты келісімшарттар жасайды. Көптеген ірі шаруа қожалығы “электронды шопан”, GPS навигациясы сияқты техникалық құралдарды сәтті қолдануда. Жүргізіліп жатқан жұмыстың қорытындысы – мал ұрлығы санын азайтудың тұрақты үрдісі. 10 айда облыста осындай 5 факт тіркелді, ал өткен жылы – 16.

Айта кету керек, жыл басынан бері тағы төрт қылмыстық іс қылмыс фактісінің болмауына байланысты тоқтатылды. Жоғалған малдың бір бөлігі қайтарылды, иелері жайылым ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп атап өтті СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Иван Терзиди.

Айта кетерлік жайт, бүгінгі таңда малды ұрлау да, жоғалту да тек еркін жайылым жағдайында болады. Онымен күресу – алдын алудың маңызды бағыттарының бірі. Жыл басынан бері полицейлер арнайы қораға 3910 малды қамады, иелеріне қатысты 2632 хаттама толтырды.

Өзгелердің жаңалығы