СҚО-да макарон өнімдерінің бағасы арзандады

2 Сәуір 2023, 04:19
1441
Бөлісу:
СҚО-да макарон өнімдерінің бағасы арзандады
Фото: halyq-uni.kz

Қаржы мониторингі агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті 2-3 үлестес делдал арқылы өндірушіден тікелей сауда субъектілеріне макарон өнімдерін өткізуде шектен тыс делдалдық фактілерін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл ҚМА-да атап өтілгендей, өнімнің түпкілікті өзіндік құнының өсуіне әсер етті. Ведомствоның бастамасы бойынша уәкілетті орган өндірушіге оның іс-әрекетінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілерінің болуы туралы хабарлама жіберді.

Дүкендер мен супермаркеттер желісінде бұл өндірушінің макарон өнімдерінің бағасы 490 теңгеден 355 теңгеге дейін төмендеді. Төмендеу 40 пайызға жуықтады. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады, – делінген хабарламада.

Бүгінгі күні өндіруші хабарламаны толығымен орындады. Бірлескен алдын алу жұмыстарының арқасында негізсіз делдалдарды жойып, өнімді тікелей облыс кәсіпкерлеріне жеткізу нәтижесіне қол жеткізілді.

2023 жылдың 17 наурызында Атырауда сары майдың бағасы шамамен 40 пайызға арзандағаны хабарланған болатын.

Өзгелердің жаңалығы