СҚО-да Конституцияға енгізілетін өзгерістер талқыланды

СҚО-да Конституцияға енгізілетін өзгерістер талқыланды
PHOTO
997

Солтүстік Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Петропавлда «Sarap» эксперттік клубының отырысы өтті. Жиынға қатысушылар елімізде өтетін жалпыхалықтық референдум барысында қабылданатын өзгерістер жайында ой бөлісті. 

Күн тәртібіндегі басты тақырып – жаңа Қазақстанды құру жоландағы референдумның рөлі. Саяси науқанды халық ширек ғасыр күтті. Нұр-сұлтан қаласынан Солтүстік Қазақстанға арнайы келген «Sarap» клубының сарапшылары көпшілікке елдің басты заңына енгізілмек өзгерістер жайында айтты. 

ҚХА сессиясында Мемлекет басшысы Конституцияға енгізілетін өзгерістер жобасын жалпыхалықтық дауыс беруге шығаруды ұсынды. Бүгінде елімізде саяси жүйені ауқымды ырықтандыру жүріп жатыр. Мемлекет пен қоғам арасында негізгі заңмен айқындалатын жаңа қатынас қалыптасуда. Сондықтан халықтың өзі бұл таңдауды Референдум арқылы жасаған дұрыс болды. Халықтың өзі референдум арқылы шешім қабылдауы өте маңызды. Мен алдағы барлық өзгерістерді қуана қабылдаймын және олардан барлық салалада  қазақстандық қоғам үшін айтарлықтай нәтиже күтемін, – деді «Қазақстандық қоғамдық даму институты» басқарма төрағасы Қазбек Майгелдинов. 

Шараға қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері, облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары қатысты. Жиында Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен түзетулердің кейбір ережелері жарияланды. Атап айтқанда, бұл президенттің өкілеттігі, оның қызметте болуына байланысты шектеулер; Орталық сайлау комиссиясының, Есеп комитетінің, Конституциялық кеңестің төрағалары мен мүшелерінің саяси партиялардан шығуы; Парламент Сенаты мен Мәжілісінің құрылу тәртібі мен функциялары, мәслихаттарды қалыптастыру тәртібі жөнінде сөз қозғалды. 

СҚО әкімінің орынбасары Ғани Нығметов референдум елді демократияландыру процессіне айтарлықтай үлес қосатынына сенім білдірді. 

Бұл тек саясат үшін ғана емес, геосаясат үшін де, бүкіл әлем үшін де өте қызықты оқиға. Қазақстан халқы Конституцияның негізгі баптарын өзгерту туралы шешім қабылдай алуы - өте маңызды қадам. Президент айтқандай, заң, әділеттілік пен тәртіп біздің гүлденген өмірімізді айқындайтын нақты факторларға айналады. Жаңа Қазақстанды барлық өзгерістерді заң жүзінде бекітпей жүзеге асыру мүмкін емес, – деді Ғани Сақтағанұлы. 

Депутаттық корпус жұмысы түбегейлі өзгермек. Билік өкілдері ресми кездесулерден алшақтап, халықпен ашық әңгіме жүргізіп, тікелей-қарым  жасауы тиіс. Концтитуцияға енгізілетін өзгерістерді салмақтап, саралап алу маңызды. Сондықтан мұндай кездесулер еліміздің басқа өңірлерінде де ұйымдастырылмақ.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы