СҚО-да көлікті рұқсатсыз алып кеткен 18 жастағы жігіт жасөспірімді қағып кетті

Солтүстік Қазақстан облысында жүргізуші куәлігі жоқ 18 жастағы жасөспірім 16 жастағы велосипедшіні қағып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 архив 17 Тамыз 2024 2024, 05:48
17 Тамыз 2024 2024, 05:48
846
Фото: архив

Солтүстік Қазақстан облысында жүргізуші куәлігі жоқ 18 жастағы жасөспірім 16 жастағы велосипедшіні қағып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мағжан Жұмабаев аудандық ІІБ кезекші бөліміне "Шкода Рапид" көлігін тізгіндеген 18 жастағы жасөспірім 16 жастағы велосипедшіні қағып кеткені туралы хабарлама түскен.

Ол алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты. Бұл факті бойынша "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Көлік мамандандырылған тұраққа қойылды, – деп жазылған хабарламада.

Наверх