СҚО-да ірі құс фабрикасы іске қосылады

24 Тамыз 2022, 13:00
1058
Бөлісу:
СҚО-да ірі құс фабрикасы іске қосылады
PHOTO
Фото: автордан

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Аралағаш ауылында құс фабрикасы ашылмақ, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысындағы BAQ.KZ тілшісі. 

Кәсіпорын жылына 5 мың тонна өнім шығарады. Осылайша өңірдегі құс етіне деген сұраныстың 80 пайызын қамтамасыз етпек.

Солтүстік Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Премеьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жаңа нысан жұмысымен танысты. Жоба құны 7,6 млрд теңге. Кәсіпорын тауық өсірумен айналысады. Бүгінгі күні құрылыс жұмыстарының негізгі бөлігі аяқталды.

СҚО-да ірі құс фабрикасы іске қосылады

Құс фабрикасының құрылысы былтыр наурыз айында басталды. Күзде іске қосылады. Бірінші деңгейде 170 жұмыс орны ашылады. Келер күзде екінші деңгейге ауысамыз. Барлығы 350 адам екі қолға бір күрек табады. Қазір қажетті мамандарды даярлап жатырсыз. Ветеринарлар тапшы. Орташа жалақы 250 мың теңге. Инкубациялық жұмыртқа өндіруден бастап, дайын өнім шығарамыз, яғни толық цикл жұмыс істейді. Фабрика жанынан жемазық зауыты іске қосылады. Жобаға жұмсалып отырған 7,6 млрд теңгенің басым бөлігі мемлекеттік қолдау, - дейді “Солтүстік бройлер” серіктестігінің директоры Берік Ақмырзаев.

Аралағаш ауылында 400-ден астам тұрығын бар. Қазір елдімекенде жаңа үйлер салынып жатыр. Ералы Тоғжанов құс фабрикасының басшылығына негізгі міндет ауылдың әлеуетін көтеру екенін атап өтті.

СҚО-да ірі құс фабрикасы іске қосылады

Бірінші кезекте ауыл тұрғындары жұмыспен қамтылуы тиіс. Кәсіпорын халыққа қол ұшын беруі тиіс. Мәселен жемазық зауыты жеке мал өсірушілерге жәрдемдесе алады, - деді Ералы Тоғжанов.

Өзгелердің жаңалығы