СҚО-да газ бағасы арзандады

14 Қаңтар 2022, 17:42
1623
Бөлісу:
СҚО-да газ бағасы арзандады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «Горгаз-сервис» ЖШС-ы қоғамдық маңызы бар нарықтың субъектісі бола отырып, Петропавл қаласының тұтынушылары үшін топтық резервуарлық қондырғылар арқылы сұйытылған мұнай газының бағасын төмендеткенін хабарлайды.

Субъекті Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидалары (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы№ 36 бұйрығымен бекітілген) шеңберінде бағаны төмендете алды.

Топтық резервуарлық қондырғылар арқылы сұйытылған мұнай газын өткізудің босату бағасы тұтынушылар үшін 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 6,0% - ға, яғни 540,4-тен 509,7 теңге/м3-ге (ҚҚС-сыз) дейін төмендеді.

Сондай-ақ, бұл төмендеу «Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2022 жылғы 9 қаңтардағы № 4 бұйрығы негізінде, Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағасының ҚҚС-сыз 28 000 теңге/тонна мөлшерінде төмендеуіне негізделгенін атап өту қажет - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы