СҚО-да бүтін бір отбасын өлтірді деген күдікпен 3 адам ұсталды

5 Ақпан 2024, 23:51
984
Бөлісу:
СҚО-да бүтін бір отбасын өлтірді деген күдікпен 3 адам ұсталды
Фото: Арман Мухатов - архив

Солтүстік Қазақстан облысы ІІД бастығы Айдын Қабдулдинов Жаңа жыл қарсаңында Рабочий ауылында болған үш кісінің өліміне қатысты тергеу қалай жүріп жатқанын айттып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Петропавловск.news-тің мәліметінше, кісі өлтіру дерегі хабарланғаннан кейін бірден барлық тергеу-жедел бөлімшесі жұмылдырылған.

Екі сағаттың ішінде күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл іс бойынша үш негізді күдікті бар. Бұл адамдар тергеу изоляторында отыр. Қазіргі уақытта барлық қажетті сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша қылмыстық іс сотқа жолданады, - деді Айдын Қабдулдинов.

Петропавлда Рабочий елді мекеніндегі үйлердің бірінен үш адамның мәйіті табылғанын жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы