СҚО-да бие сүтін өңдеу зауыты салынады

16 Ақпан 2024, 20:46
410
Бөлісу:
СҚО-да бие сүтін өңдеу зауыты салынады
Фото: 24.kz

Петропавл қаласында өткен халықаралық инвестициялық форумында осындай келісім жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Инвестициялық жобалардың арасында трактор, қоспа жем, ағаш өңдеу, кірпіш, саңырау-құлақ өндірісі мен заманауи тұрғын үй кешендері де бар.

Форумға инвесторлар, орталық және жергілікті атқарушы билік өкілдері мен қаржыгерлер қатысып, облыстың инвестициялық мүмкіндіктерімен танысты.

Сонымен қатар қайта өңдеу өнеркәсібі мен құрылыс көрмесін тамашалап, жеке кездесулер өткізді. Шара соңында жалпы құны 130 млрд теңге болатын 14 құжатқа қол қойылды.

Италиялық кәсіпкерлер азықтық ашытқы өндірісін ашуды жоспарлап отыр. Бұл мал шаруашылығына керек өнім. Сонымен қатар жүк көтеру техникаларн құрастыру жөнінде келісім жасалды,- дейді кәсіпкерлік және ИИД басқармасының басшысы Ильдар Исмағұлов

Өзгелердің жаңалығы