СҚО-да атасын немерелеріне алимент төлеуге міндеттеді

25 Желтоқсан 2022, 12:33
1593
Бөлісу:
СҚО-да атасын немерелеріне алимент төлеуге міндеттеді

Сот Петропавл тұрғынының балаларының атасынан алимент өндіру туралы арызын қанағаттандырды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

СҚО прокуратурасының хабарлауынша, «Неке және отбасы туралы» кодекске сәйкес, алиментті тікелей ата-анасынан алу мүмкін болмаған жағдайда ата-әжесінен талап етуге болады.

Өндіріп алушы борышкердің (атасының) әкесінен немерелерін асырап-бағуға алимент төлемдерін өндіріп алу туралы берген талап Петропавл қаласының 2022 жылғы 3 наурыздағы №2 сотының шешімімен қанағаттандырылды, оның негізінде 2022 жылғы 28 қарашада атқарушылық іс жүргізу қозғалды, - деді қадағалаушы орган.

Енді атасының зейнетақысынан ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіш (30 630 теңге) мөлшерінде алимент өндіріледі. 

Айта кетейік, Солтүстік Қазақстан облысында зиянды алиментшілер саны 101 адам. Олар бойынша жалпы берешек 184,3 млн теңгені құрайды.

Өзгелердің жаңалығы