СҚО-да арнайы жасақ 15 тонна шаянды заңсыз аулағандарды ұстады

3 Қазан 2023, 00:12
723
Бөлісу:
СҚО-да арнайы жасақ 15 тонна шаянды заңсыз аулағандарды ұстады
Фото: polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысында арнайы жасақ 15 тоннадан асатын Artemia Salina шаянын заңсыз аулаған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Artemia Salina – Солтүстік Қазақстан облысындағы көлдерді мекендейтін құнды табиғи ресурс.

СҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, СҚО прокуратурасының үйлестіруімен Мамлют ауданында шаянды заңсыз аулаумен айналысқан топты ұстады. Оларда шаянды аулауға рұқсат беретін құжат болмаған.

Жазда тіркелген кәсіпорын аумағында және күдіктілердің бірінің жеке ауласында жалпы 15 тоннадан асатын шаян тәркіленді. Оның 12 мың тоннадан астамы қайта өңделген шаян болып саналады. Күдіктілерді ұстауға «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімшесі мен жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың қызметкерлері қатысты.

Сондай-ақ күдіктілердің бірінен 7,62 калибрлі мылтыққа арналған 6 патрон, екіншісінен дауыс құмықтырғышы бар ПМ тапаншасы және оған арналған 4 патрон тәркіленді.

Дерек Қылмыстық кодекстің 335-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Барлық мән-жайды анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Залалдың алдын ала сомасы – шамамен 150 млн теңге. Қажет сараптамалар тағайындалды, – деді СҚО ПД басшысы Айдын Қабдұлдинов.

Өзгелердің жаңалығы