СҚО-да алкогольдік өнімдерді өндіретін жасырын цех анықталды

16 Маусым 2022, 10:21
1091
Бөлісу:
СҚО-да  алкогольдік өнімдерді өндіретін жасырын цех анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚМА Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті антисанитариялық жағдайда қолдан жасалған алкогольдік өнімдерді өндіретін жасырын цех қызметінің жолын кесті. 

Петропавл қаласының тұрғыны қала орталығындағы гараж кооперативтерінің бірінде суррогат өнімін жасап, халыққа өткізген. 

Тінту кезінде жалған есепке алу-бақылау таңбалары бар 8 мыңнан астам алкоголь өнімі және құрамында спирті бар сұйықтық құйылған 600-ге жуық бес литрлік пластик ыдыстар, сондай-ақ бос ыдыстар, қақпақтар, хош иістендіргіш концентрат және суррогат толтыруға арналған арнайы құрылғы табылып, тәркіленді, - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Қаржы мониторингі агенттігі ел азаматтарының денсаулығына орны толмас зиян келтіретін қылмыстарды анықтау және жолын кесу бойынша белсенді жұмысты жалғастырады. 

Өзгелердің жаңалығы