Сқақов: Біздің міндетіміз - делдалдар тізбегін алып тастау

Сқақов: Біздің міндетіміз - делдалдар тізбегін алып тастау
830

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов Екібастұз өңірінің кәсіпорындарына жұмыс сапарымен барды. Ол Бозшакөл кен байыту комбинаты мен Екібастұз №1 МАЭС жұмысшыларымен кездесті.

Бұл туралы Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бозшакөл кен-байыту комбинатында еңбек өнімділігі мыс өндіретін басқа қазақстандық кәсіпорындарға қарағанда 15 есе жоғары. Бұл көрсеткішке заманауи жабдықтарды қолдану және тау-кен техникасының қуатты паркін құру есебінен қол жеткізілді.

1200 шаршы метр аумақта кеншілерге арналған вахталық қалашық орналасқан, онда адамдардың демалысы мен тұрмысына барлық жағдай жасалған.

Комбинат жанында аутсорсинг шеңберінде құрылған заманауи емхана жұмыс істейді. Жұмысшылар мұнда коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина ала алады. Комбинатта вакцинация деңгейі 99,9 пайызға тең, 499 адам қайта вакцинацияландан өтті.

Бозшакөл комбинаты өз қызметкерлері үшін осындай жақсы жағдайлар жасағаны көңіл қуаныштады. Әлеуметтік жауапкершіліктің жоғары деңгейі облыстың басқа кәсіпорындары үшін үлгі болуы тиіс. Психологиялық тұрғыдан алғанда, жұмысшылардың қажет болған жағдайда сапалы медициналық көмек көрсетілетінін білуі өте маңызды, - деп атап өтті Әбілқайыр Сқақов. 

«Бозшакөл Арена» спорт кешенінде жұмысшылардың белсенді демалысы үшін баскетбол, волейбол және футбол алаңдары, тренажер және бокс залдары бар. Бос уақытында қызметкерлер үш кинотеатры бар кинотеатрға бара алады. Облыс әкімі зауыттың айналасындағы тынымбақтың аумағын кеңейтіп, оны өзіндік жасыл белдеуге айналдыруды ұсынды.

Облыс әкімімен кездесуде комбинат жұмыскерлері Павлодар – Нұр-Сұлтан тас жолы бойындағы жол айырығын жөндеу, азық-түлік бағасы және мектептердің жанына бейнекамералар орнату туралы сауалдар қойды.

Әбілқайыр Сқақов атап өткендей, жол айырығының қанағаттанғысыз жай-күйі көпшілікті толғандырады. ҚазАвтоЖол өкілдері бұл жол учаскесі биылғы жаздың соңына дейін жөнделеді деп сендірді.

Өңір басшысы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру және облыс тұрғындарын барлық қажеттіліктермен қамтамасыз ету үшін мемлекет барлық күш-жігерін жұмсап отырғанын атап өтті.

Облыста үш жүзге жуық әлеуметтік дүкен бар, онда негізгі өнімдерді нарық бағасынан төмен бағамен сатып алуға болады. Біздің міндетіміз - делдалдар тізбегін алып тастау және тұрақтандыру қорынан тауарларды тікелей жеткізуді ұйымдастыру. Негізгі мақсат агроөнеркәсіпті терең өңдеуге бағыттау болып табылады. Бұл шаралар жаңа жұмыс орындарын ашып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі, - деді облыс әкімі. 

Екібастұз қаласының №1 МАЭС-де кәсіпорынның бас директоры Еділ Көпенов электр станциясындағы істің жай-күйі туралы баяндады. Мұнда жаңа электр сүзгілерін орнату арқылы №1 энергия блогын қалпына келтіру жобасы іске асырылуда. Бұл станцияның қуатын 4000 Мвт-қа дейін арттырумен бірге, құрылыс жұмыстары кезнде 500-ге жуық жұмыс орнын және пайдалану кезеңінде 54 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Кәсіпорын өз қызметкерлерінің әлеуметтік әл-ауқатына қамқорлық жасайды. Жұмысшылардың орташа жалақысы айына 327 мың теңгеге тең.

Облыс әкімімен кездесу барысында энергетиктер ТҮКШ, абаттандыру, үй жануарларын ұстау, қоғамдық көлік, бұқаралық спортты дамыту, білім беру және басқа да мәселелер туралы сұрады. Электр станциясының қызметкерлерімен әңгімелесу барысында Әбілқайыр Сқақов еңбек жолын №1 МАЭС-те бастағанын айтып, өзінің еңбек тәжірибесі туралы естеліктерімен бөлісті. 

Кездесу соңында өңір басшысы Екібастұз қаласының әкіміне әрбір шағын ауданда қала тұрғындарын тарту орталықтарын құру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды. Әбілқайыр Сқақов саябақтар, тынымбақтар мен балалар алаңдары барлық екібастұздықтар үшін қолжетімді болуы тиіс екенін атап өтті.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: дереккөз
Өзгелердің жаңалығы