«СҚ-Фармация» басшысы қанша жалақы алады?

5 Тамыз 2022, 12:52
1417
Бөлісу:
«СҚ-Фармация» басшысы қанша жалақы алады?

Бұл туралы «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма басшысы Ерхат Искалиев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

«Қымбатшылық орын алып отырғанын бәріміз көріп отырмыз. Сол себептен сіздердің айлықтарыңыз бүгінгі күні өсті ме? Сіз қанша айлық алатыныңызды айтасыз ба?» деп сұрады тілші баспасөз мәслихаты кезінде басқарма басшысынан. 

Қолыма айына 1 млн 404 мың теңге жалақы аламын, - деп жауап берді Ерхат Искалиев тілші сауалына. 

Тілші МӘМС-тен, республикалық бюджеттен қаражат бөлініп отырғаннан кейін халық аталған компания қызметкерлерінің алатын жалақысын білуі қажеттігін алға тартты. 

Өз кезегінде Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Дәрі-дәрмек саясаты департаментінің директоры Бауыржан Жүсіпов те қанша жалақы алып отырғанын айтып, ағынан жарылды. 

Мемлекеттік қызметкер болғаннан кейін бізде арнайы мемлекеттік қызметтерге қатысты кез келген министрлікте департмент директоры немесе комитет төрағасының бекітілген арнайы тарифы бар. Сол бойынша біз айлық аламыз. Ешқандай жасыратын ештеңесі жоқ. Департамент директоры ретінде алатын өзімнің айлығым – 500 мың теңге, - деді ведомство басшысы.

Өзгелердің жаңалығы