Спорттық гимнастикадан әлем кубогінде екі қазақстандық финалға өтті

2 Қараша 2022, 02:20
822
Бөлісу:
Спорттық гимнастикадан әлем кубогінде екі қазақстандық финалға өтті

Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының көшбасшылары Милад Карими мен Нариман Құрбанов Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионатының финалына өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметіне сүйенсек, М.Карими еркін жаттығуларда квалификацияны сәтті өтті. Ол 14.733 балмен үшінші орын алып, ақтық жарысқа жолдама алды.

Н.Құрбанов та іріктеу кезеңінде үшінші орын алды. Ат үстіндегі жаттығу дисциплинасында төрешілер оның өнерін 15.033 балға бағалады.

Өзгелердің жаңалығы