Спорттық гимнастикадан ӘЧ: Қазақстан 26 жылдан соң медаль алды

7 Қазан 2023, 23:38
1507
Бөлісу:
Спорттық гимнастикадан ӘЧ: Қазақстан 26 жылдан соң медаль алды
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Милад Карими Бельгияның Антверпен қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан 52-ші әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық құрама көшбасшысы еркін жаттығудың финалында 14.600 ұпай жинап, үздік үштікті түйіндеді.

Алтын Артем Долгопяттың (Израиль), күміс Казуки Минамидың (Жапония) еншісінде.

Өзгелердің жаңалығы