Спорттық гимнастика: Алматыда командалық ел чемпионаты аяқталды

5 Сәуір 2021, 08:48
2289
Бөлісу:
Спорттық гимнастика: Алматыда командалық ел чемпионаты аяқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда спорттық гимнастикадан командалық Қазақстан біріншілігінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Ерлер арасында бірінші орынды Алматы қаласының командасы иеленді. Екінші орында Павлодар, үшінші сатыда Шымкент қаласының командалары орналасқан.

Қыздар арасындағы бәсекеде Алматы қаласы топ жарды. Екінші орынды Семей, үшінші орынды Шымкент спортшылары еншіледі. 

Айта кетелік, командалық ел біріншілігіне еліміздің 8 аймағынан келген командалар қатысқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы