Спорттық жарыстар қашан басталады?

2 Маусым 2020, 17:08
2613
Бөлісу:
Спорттық жарыстар қашан басталады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР бас санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медиа орталығында өткен тікелей эфир барысында елдегі эпидемиологиялық жағдайға тоқталды. 

Бүгінде елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған 11 571 науқас тіркелген, оның  41-і қаза тапты. Күн сайын індеттен сауығып келе жатқандар саны артуда, қазір 5757 адам емделіп шыққан. Егер эпидемиологиялық жағдайды жалпы сипаттайтын болсақ, мұндщай жағдай алдын ала болжанған еді. Қазір біз жұмысқа оралдық, бір-бірімізбен байланыса бастадық, далаға шықтық. Яғни, әлеуметтік байланыстардың өсуі инфекцияның таралу өсіміне алып келді. Бірақ, жағдай бақылауда екенін айтқым келеді. Бұл R деп аталатын сан арқылы сараланады, ол бойынша қойылатын сұрақ та көп. сұрақтар қояды. Бұл инфекцияның берілу деңгейін сипаттайтын репродуктивті сан, - деді ол.
Бас санитар ауыру деңгейі асқынып тұрған кезде көрсеткіш 1,3 болса, бүгінде бұл 1,1 және 1,2 көрсетіп отырғанын айтты. 
Мен осы балансты және инфекцияның берілу деңгейін сақтап тұру көп жағдайда өзімізге тікелей байланысты екеніне назар аударғым келеді. Яғни, әрбір адам қауіпсіздік шараларын қаншалықты орындайтынына байланысты, - деді Есмағамбетова.
Айжан Есмағамбетова спорт нысандарының қашан ашылып, жарыстар қашан басталатынын айтты.
Елімізде төтенше жағдай аяқталғанымен, карантин шараларын біртіндеп алып жатырмыз. Көрерменсіз спорт нысандарын ашу, жаттығуларды өткізу - егер бір апта ішінде аурушаңдық деңгейі 5%-дан аспайтын болса ғана рұқсат бар. Оның өзінде жанкүйерлер, көрермендер залға, жарыстарға кіргізілмейді. Ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу бойынша айтарым, әзірге бұл іс-шараларға тыйым салынған, өйткені бүгінгі таңда бізде аурушаңдық деңгейі шектеуді толығымен жоюға мүмкіндік бермей отыр, - деді ол.
Есмағамбетованың айтуынша, бассейндегі әрбір адамға берілетін орын кемінде 5 шаршы метр болуы тиіс. 
Бұл бассейнде жүзіп жүргендер арасында қашықтық сақтауға мүмкіндік беретін көлем. Бассейннің көлеміне байланысты онда келушілер саны реттелетін болады. Негізгі ереже адамдар арасында 5 шаршы метр қашықтық сақталуы керек.Ал аквапарктер мен  жағажайларға келер болсақ, әрине, әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету өте қиын. Бірақ біз шезлонгтар, жағажай жабдықтары демалушылар арасында 1,5 метр қашықтық талаптарын сақтайтындай қойылуы қажет. Мұнда да жағажайдың көлеміне байланысты, жағажайға жіберілетін адамдардың саны реттеліп отыратын болады, яғни бұл процесс үнемі бақыланады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы