Спортпен айналысатын шығысқазақстандықтардың саны артты

22 Сәуір 2021, 10:25
2736
Бөлісу:
Спортпен айналысатын шығысқазақстандықтардың саны артты

Шығыc Қaзaқcтaн облыcы, BAQ.KZ тiлшici. Өткен жылы облыста спортпен айналысатындардың саны саны 427 мың адамға артты. 

Еліміздің Денешынықтыру және спортты дамытудың 2025 жылға арналған тұжырымдамасы аясында өңірде бұқаралық спорт түрлерін дамытуға бағытталған шаралар жүргізілуде. Қазіргі уақытта облыс аумағында үш мыңнан астам спорт кешендері бар. Өткен жылы ғана осы мақсатта өңірдің аудан, қалаларында 16 спорттық нысан салынып, қолданысқа берілген. Аягөз, Көкпекті және Жарма аудандары аумағында үш денешынықтыру-сауықтыру кешені салынған. Бұған қоса, жүзу бассейндері, спорт алаңдары, шағын футбол алаңдары мен хоккей қорабы бой көтерді. 

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Досжан Уалхановтың хабарлауынша, былтырғы жылы аймақта спортпен айналысатын тұрғындардың саны 427 мыңға артқан. 

Бүгінгі күні облыс аумағында үш спорттық нысанның құрылысы жүргізілу үстінде. Анықтап айтсақ, екі денешынықтыру-сауықтыру кешені Катонқарағай ауылы мен Шемонаиха қаласында бой көтерсе, Мақаншыда спорт модулінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Сондай-ақ, үстіміздегі жылы Марқакөл, Ақсуат, Қайнар, Бородулиха, Самар, Бозанбай, Үлкен Нарын ауылдары мен Алтай ауданына қарасты Серебрянск қаласында 10 денешынықтыру-сауықтыру нысанының құрылысы басталады деп жоспарланған, - деді Досжан Уалханов.

Өзгелердің жаңалығы