Спорт саласында бірқатар реформа қолға алынды

29 Сәуір 2022, 16:43
1452
Бөлісу:
Спорт саласында бірқатар реформа қолға алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев мәлімдеді. 

Оның айтуынша, спорт – ерекше сала. 

Жеткен жетістікті де, кемшілікті де жасыруға болмайтын саланың бірі – спорт. Өйткені оның нәтижесі БАҚ-да кеңінен талқыланып, қоғамдық пікірді қозғайды. Өздеріңіз білетіндей, жақында 2 маңызды спорттық оқиға өтті. Олар: Токиодағы жазғы олимпиада және Бейжіңдегі қысқы олимпиада ойындары. Қазақстан құрамасынан аталған ойындарда көрсеткен нәтижелер ойдағыдай болмады. Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл ақпан-наурыз айларында 6 өңірдің жұмысына талдау жасалынып, бірқатар өзекті мәселелер анықталды, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сондай-ақ ол комитет басым спорт түрлерін белгілейтінін алға тартты. 

Осыған орай комитет спорттық дайындау жүйесін бірқатар реформаны қолға алып жатыр. Басым спорт түрлерін белгілеу, бүгінгі таңда республикада акредиттелген 179 спорт түрі жұмыс атқарады. Олар: 45 жазғы, 13 қысқы, 80 олимпиадалық емес, 28 мүмкіндігі шектеулі және 13 ұлттық спорт түрлері. Саралау бойынша олардың барлығына мемлекет тарапынан қаражат қарастырылған, - деді комитет төрағасы. 

Өзгелердің жаңалығы