Спорт мектебінің қызметкерлері 16 млн теңгені жымқырып қалған

5 Маусым 2023, 13:10
688
Бөлісу:
Спорт мектебінің қызметкерлері 16 млн теңгені жымқырып қалған

Бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен Жетісу облысындағы «Өркен балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тергеу барысында мекеме қызметкерлері 2015-2022 жылдары жұмысқа қабылданып, шын мәнінде еңбек қызметін нақты жүзеге асырмаған алты адамға жалақыны есептеу арқылы 16 млн теңгеден астам бюджет қаражатын заңсыз аударғаны анықталды, - делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жарияланбайды.

Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Өзгелердің жаңалығы