Созақ ауданында 10 күн ішінде 9 той-жиын анықталып, тоқтатылды

7 Маусым 2021, 10:24
3670
Бөлісу:
Созақ ауданында 10 күн ішінде 9 той-жиын анықталып, тоқтатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Індеттің күшеюіне байланысты, облыс тұрғындарының арасында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында, Созақ ауданы көлемінде мобильдік топтар құрылып, іс-шаралар жүргізілуде. 

Карантин кезінде Созақ  АПБ-ның қызметкерлері мобильдік топпен бірлесіп, рейдтік іс-шара жүргізу барысында, той жасаған жергілікті тұрғын анықталды. Ол 50-ден астам адамды жинап,  Шолаққорған ауылында өзінің үйінде ұлын үйлендіріп, «Беташар» тойын ұйымдастырған. 

Аталған жайтқа байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу» бойынша іс-құжаттар жинақталып, заңды шешім қабылдау үшін Созақ аудандық СЭББ-ға жолданды.  

Мәселен Созақ ауданы көлемінде 10 күн ішінде бірнеше рет қайталанып, өз өмірлерімен қоса басқа да тұрғындардың өмірлеріне қауіп төндірген той иелері анықталды. 

Яғни 10 күнде  6 беташар, 1 қыз ұзату, 1 құдалық, 1 ұжымдық демалыс өткізілген. 

Полиция қызметкерлері аталған жайттарды дер кезінде тоқтатып, тұрғындарды тарқатқан. Оқиғаларға қатысты  құжаттар тиісті орынға жіберілді. 

Өзгелердің жаңалығы