Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Оның айтуынша, еліміздегі эпиджағдай тамыз айының екінші жартысынан бастап тұрақтана бастады.
Аурушаңдық 3,2 есеге, өлім-жітім 2,7 есеге төмендеді. «Жасыл» аймақта төрт өңір тұр. Олар: Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстары, - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.
Сондай-ақ еліміздің 8 өңірі «сары» аймақта көрінеді.
8 өңір «сары» аймақта. Бұл: Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары. «Қызыл» аймақта қалған 5 өңір қалып отыр. Репродуктивтілік мөлшері 0,88-ді құрайды, - деді Алексей Цой.
Айта кететін жайт, ЕуроДДСҰ-ның мемлекеттерінде, атап айтқанда, Испанияда – 57%, Швейцария, Франция мен Әзірбайжанда – 40%, Қырғызстанда – 36%, Грузияда – 32%, Италияда – 28%, Израильде – 21%, Германияда – 18%-ға төмендеген.
Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі төмендегені туралы жазған болатынбыз.